Канцелярия +7 7172 28-07-41 (вн.126) , Приемная +7 7172 28-07-41 (вн.114)
ГУ "Государственный архив города Астаны"
Официальный интернет-ресурс

2025 жылғы 18 ақпанда Астана қаласының мемлекеттік архивіне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Мұхаметқалиев Бахтияр Абайұлы мен бас сарапшы Тамабаева Жанар Базарбекқызы, Қазақ

Previous Next

2025 жылғы 18 ақпанда Астана қаласының мемлекеттік архивіне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Мұхаметқалиев Бахтияр Абайұлы мен бас сарапшы Тамабаева Жанар Базарбекқызы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары Дюсекова Алтынай Маратқызы, Цифрлық трансформация және жобалық менеджмент департаментінің директоры Тоқтағұлов Ержан Дәулетұлы, Цифрлық трансформация және жобалық менеджмент басқармасының басшысы Сыздығалин Нұркен Нұрғалиұлы, Қазақстан Республикасының Президенті архивінен Электрондық архивтерді цифрландыру және дамыту қызметінің сарапшысы Қамзолдина Самал Мұратқызы арнайы ат басын бұрып, елорда архивінің тыныс-тіршілігімен танысты.
Келген қонақтарға архив директоры Жангелды Бержанұлы Бимолдин құжаттарды цифрлы форматқа көшіру, құжаттарды қайта қалпына келтіру, құжаттарды сақтайтын қойма, құжаттарды қабылдау жолдары мен ғимараттың жай-күйін таныстырды.
Сонымен қатар архив қызметкерлері «Е-Архив» ақпараттық жүйеде жұмыстарын көрсетіп, архив саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Записаться на прием