“Ұлттық архив қоры құжаттарын сақтау және реставрациялау бойынша ынтымақтастық: Астана қаласының мемлекеттік архиві мен Қорғаныс министрлігінің меморандумға қол қоюы”
2024 жылдың 23 мамырында Астана қаласының мемлекеттік архивінің директоры Ж.Бимолдин мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Орталық мұрағат бастығы Т.Құлжанбеков Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және реставрациялау, қоғам мен мемлекет мүддесінде ретроспективті ақпаратты пайдалану мамандарды шақыру және қабылдау, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, көрме, қолжетімді материалдармен құжаттарды реставрация жасауға шеберлік сабақтарды, тақырыптық пікірталастарды және де өзге шараларды ұйымдастырудағы ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатында меморандумға қол қойды.
Астана қаласының жетістіктерін насихаттау және танымал ету бойынша ынтымақтастық: Ардагерлер ұйымы мен Астана қаласының мемлекеттік архиві меморандумға қол қойды”
2024 жылдың 24 сәуірінде «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалы төрағасы Есілов Сансызбай Сейтжанұлы мен «Астана қаласының мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесінің директоры Бимолдин Жангелді Бержанұлы Астана қаласының жетістіктерін насихаттау бойынша танымал ету жұмыстарын жүргізу және өзара қызығушылық тудыратын конференциялар, дөңгелек үстелдер, көрме, тақырыптық пікірталастар және де өзге шараларды ұйымдастыру бойынша меморандумға қол қойды.
“Қоғам мен мемлекет мүддесіне ғылыми ынтымақтастық: Астана қаласының мемлекеттік архиві мен Ұлттық зияткерлік меншік институты меморандумға қол қойды”
9 сәуір 2024 жылы ортақ идеяларды ілгерілету, қоғам мен мемлекет мүддесінде ретроспективті ақпаратты пайдалану, ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты дамыту және екі ұйым арасындағы өзара түсіністікке жәрдемдесу мақсатында «Астана қаласының мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесі директоры Бимолдин Жангелді Бержанұлы Қазақстан республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны директоры орынбасары Артыкова Айдын Кыдырбаевнамен бірлескен меморандумға қол қойды.