Публикации
📚 2025 жылғы 29-30 қыркүйек аралығында Астана қаласының мемлекеттік архиві "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының "Магистральдық желі дирекциясы" филиалының архив қызметкерлері үшін "Ұйымдағы архив ісі" тақырыбында оқыту семинарын
Просмотров: 36
📚 2025 жылғы 29-30 қыркүйек аралығында Астана қаласының мемлекеттік архиві "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының "Магистральдық желі дирекциясы" филиалының архив қызметкерлері үшін "Ұйымдағы архив ісі" тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында келесі өзекті тақырыптар қарастырылды:
🔹 Құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу:
• Құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеуге дайындық тәртібі;
• Архивтік құжаттарды өңдеу үдерісі;
• Құрылымдық бөлімшелерде істерді қалыптастыру және ресімдеу тәртібі;
• Құжаттарды құрылымдық бөлімшелерден ведомстволық архивке тапсыру ережелері;
• Құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу тәртібі;
• Істер тізімдемесін және жоюға жататын құжаттар актісін жасау;
• Істер тізімдемесіне ғылыми-анықтамалық аппаратты ресімдеу және ұйым архив қоры бойынша тарихи анықтама әзірлеу;
• Архив ісі мен құжаттаманы жүргізудегі заманауи тәсілдер.
🔹 Құжаттарды сақтау және олардың сақталуын қамтамасыз ету:
• Құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
• Ұлттық архив қоры мен басқа да архивтік құжаттарды сақтау және пайдалану тәртібі.
📍 Семинар аясында қатысушылар Астана қаласының мемлекеттік архивіне экскурсия жасап, архивтің материалдық-техникалық базасымен және құжаттарды сақтау үдерісімен танысты.
✅ Оқу қорытындысы бойынша тыңдаушыларға семинарға қатысқандығы туралы сертификаттар мен әдістемелік ұсынымдар табысталды.
Астана қаласының мемлекеттік архиві архив саласы қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады және барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреді.