2025 жылғы 9-13 маусым аралығында бүкіл әлем бойынша Халықаралық архивтер апталығы аясында Елорда архиві Тарихи және ғылыми зерттеулер саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстан және Орталық Азия тарихын зерттеу институты тарапынан әріптестік орнатуға қызығушылық білдірген меморандумға қол қойды.
Алдағы уақытта тараптар арасында:
1.Бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру;
2.Ғылыми экспедициялар, конференциялар, семинарлар, симпозиумдар және басқа да халықаралық деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыру;
3.Гранттық жобаларға бірлескен өтінімдер әзірлеу;
4.Ғылыми мақалалар мен ғылыми-көпшілік еңбектерді бірлесіп жариялау, рейтингтік басылымдарда жариялану және зерттеу нәтижелерін патенттеу;
5.Оқытушылармен және зерттеушілермен алмасу, дәріс оқу, кеңес беру және басқа да білім беру жұмыстарын ұйымдастыру;
6.Ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау, аспирантура, докторантура, тағылымдамалар мен біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру;
7.Негізгі, қолданбалы және ізденістік зерттеулерді бірлесе жүзеге асыру;
8.Бірлескен қызмет нәтижелерін жұртшылыққа таныстыру, БАҚ пен ұйым сайттары арқылы ақпарат тарату.
Бұл келісім алдағы уақытта нақты жобаларға жоспар құрылып, жүзеге асыруға құқықтық негіз болмақ.