Канцелярия +7 7172 28-07-41 (вн.126) , Приемная +7 7172 28-07-41 (вн.114)
ГУ "Государственный архив города Астаны"
Официальный интернет-ресурс

Архив - ақпарат кеңістігінде...

Previous Next

Архив - ақпарат кеңістігінде...

Бүгін Астана қаласы мемлекеттік архивінің бастамасымен «Архив және ақпарат кеңістігі» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға елордадағы БАҚ өкілдері мен архив қызметкерлері қатысты. Жиынның негізгі мақсаты – архив пен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ, қоғамға архив құжаттары арқылы шынайы тарихи деректерді жеткізудің маңызын талқылау болды.
Астана қаласы мемлекеттік архивінің директоры Жанкелді Бимолдин «Бүгінгі басқосуды - архив ісінің ашықтығын арттыру, цифрлық ақпарат кеңістігінде архивтердің рөлі туралы пікір алмасуға арналған маңызды алаң деп есептеймін. Бүгінде архив тек құжат сақтайтын орын ғана емес. Ол – тарих пен болашақтың алтын көпірі. Мемлекеттің жады, қоғамның мәдени коды, азаматтың құқығын дәлелдейтін сенімді дереккөзі. Сол себепті де ақпараттық дәуірде архивтердің маңызы артып келеді. Сондықтан біз БАҚ өкілдерімен арадағы ынтымақтастықты аса маңызды деп санаймыз. Сіздер – халық пен билік арасындағы көпірсіздер. Архив ісінің қоғамдағы орнын, оның маңызын түсіндіруде еңбектеріңіз зор. Бірлескен жұмыс арқылы біз архив саласын танымал етіп, құнды мұраны келешек ұрпаққа жеткізу жолында ауқымды істер атқара аламыз деп ойлаймын» деді.
Шара барысында архивпен тығыз байланыс жасап жүрген журналистерге Алғыс хатпен арнайы сыйлық табыс етті.
Жиын кезінде медиа өкілдері мен архив қызметкерлері өзара пікір алмасып, архив деректерін тиімді пайдалану жолдарын ортаға салды. БАҚ тарапынан қойылған сұрақтарға архив мамандары жан-жақты жауап беріп, болашақта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниет білдіріп тарқасты.
Записаться на прием