Публикации
Архив – тарихи құжаттардың қоймасы һәм алтын қамбасы.
Просмотров: 33
Архив – тарихи құжаттардың қоймасы һәм алтын қамбасы. Мұнда ұлтқа қажетті құнды қағаздар мен тарихи тамыры тереңге жайылған әр тұлғаның мұрасы шоғырланған. Көненің көзі болып бізге жеткен сары парақтар санаға сілкініс орнатады.
Баба мүлкі мен мұрасын іздегендер Астана қаласының мемлекеттік архивіне бас тірейді, табан аудармастан отырып, керегін табады.
Ал, келушілерге біздің ұжым қызметкерлері құжатты қайдан табуға болатынын ұқтырып, аяғынан тік тұрып қызмет етеді. Біз осы орайда астаналық ағайынды, тарихшыларды, жекелеген құжаттарды іздеуші мамандарды АЛҒЫС АЙТУ КҮНІМЕН шын жүректен құттықтаймыз!
Құрметпен, Астана қаласы мемлекеттік архивінің ұжымы