Публикации
Архивке ақын келді «Сақтаған салт-ғұрыптарды, Ауыл неге ұмыт қалды. Ауыл-ана кешірмейді, Болашағын ұмытқанды» деп жырлаған ақын Аманжан Дүйсенғалиев архивке келді. Ол осыдан бес ай бұрын Астана қаласы мемлекеттік архивіне жеке тектік қорын тапсырған бо
Просмотров: 35
Архивке ақын келді
«Сақтаған салт-ғұрыптарды,
Ауыл неге ұмыт қалды.
Ауыл-ана кешірмейді,
Болашағын ұмытқанды» деп жырлаған ақын Аманжан Дүйсенғалиев архивке келді. Ол осыдан бес ай бұрын Астана қаласы мемлекеттік архивіне жеке тектік қорын тапсырған болатын. Аманжан ақсақал Астана қаласы мемлекеттік архиві кітапханасына жақында жарық көрген «Ойыл – ой тұмарым» жыр жинағын сыйға тартты.
Шара барысында Ғылыми-зерттеу және ақпараттық-түсіндіру жұмысы қызметінің басшысы Ғазиза Исахан ақсақалға ризашылығын білдіріп, Алғыс хат табыстады.