Ел астанасында өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары тұсында халқымыздың рухани мол мұрасын дәріптейтін көптеген іс-шаралардың куәсі болудамыз. Дала өркениетінің ғажайып үлгілері төрге оздырылып, байырғы бабалар сарыны салтанат құруда. Осы доданы көруге арнайы алыстан ат арылтып келген шетелдік туристер мен қазақстандықтардың назарына халқымыздың рухани мол мұрасынан үздік үлгілер ұсынылуда. |
Қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпынан сыр шертетін алуан сипатты көрмелер көшпелілер елінің тамырынан ажырамаған тағылымына үңілдіреді. Соның бірі – қыркүйектің 6-сы мен 14- і күндері аралығында өтуі жоспарланған, Астана қаласының мемлекеттік архиві ұйымдастырған «Тарих таңдаған Астана!» фото-құжаттық көрмесі. Көрме елордамыздың қысқаша тарихы, өткені мен өткелі хақында, сондай-ақ қазіргі келбеті туралы тың мағлұматтарға толы фото-құжаттар топтамасын алға тартады. Қонақтар мен астана тұрғындарын «Нұрлы жол» теміржол вокзалының 4-қабатындағы күту залында орналасқан осы көрмені тамашалауға шақырамыз.
Мекен-жайы: Мұхамеджан Тынышбайұлы көшесі, 8
Публикации
Астанаға арналған көрме
Просмотров: 35