Канцелярия +7 7172 28-07-41 (вн.126) , Приемная +7 7172 28-07-41 (вн.114)
ГУ "Государственный архив города Астаны"
Официальный интернет-ресурс

Астана қаласының Достық үйінде ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған «Ұлы Абай – рухани темірқазық» атты дөңгелек үстел өтті.

Бүгін, 8 тамыз күні Астана қаласының Достық үйінде ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған «Ұлы Абай – рухани темірқазық» атты дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында елордалық зиялы қауым жиналып, Абай мұрасының бүгінгі рухани кеңістіктегі орны жайлы ой бөлісті. Астана қаласы Мемлекеттік архивінің директоры Жангелды Бимолдин сөз сөйлеп, архив пен әдебиеттің, тарих пен ұрпақ сабақтастығының мәнін атап өтті. Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, мәслихат депутаттары, мәдениет пен ғылым өкілдері қатысты. «Абай өлеңі әлем тілдерінде» атты халықаралық челлендж аясында түрлі тілде Абай жыры оқылып, тың эмоциялар мен жаңа әсер сыйлады. Абай тек өткеннің емес, бүгіннің де темірқазығы екенін тағы бір мәрте сезіндік. https://www.facebook.com/share/r/14KSDNn5Lrq/
Записаться на прием