Канцелярия +7 7172 28-07-41 (вн.126) , Приемная +7 7172 28-07-41 (вн.114)
ГУ "Государственный архив города Астаны"
Официальный интернет-ресурс

«Астана қаласының мемлекеттік архиві» 2024 жылғы 20 қыркүйекте «Архив және болашақ ұрпақ»

Previous Next

«Астана қаласының мемлекеттік архиві» 2024 жылғы 20 қыркүйекте «Архив және болашақ ұрпақ» ашық есік күндері аясында Сәкен Сейфуллин атындағы агротехникалық университетінің 1 курс студенттерімен кездесу ұйымдастырды.
Архивтің бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстыру мақсатында университеттің 1 курс студенттеріне архив бойынша шолу экскурсиясы ұсынылды. «Астана қаласының мемлекеттік архиві» директорының орынбасары Қышқышбаев Тілеуғали Әшірбекұлы студенттерге архивтің жалпы атқаратын жұмысымен таныстыру мақсатында сөз сөйледі. Кездесу барысында студенттер архивтің сақтау орындарымен, архив құжаттарынан құрылған «Тарих таңдаған Астана!» көрмесімен, оқу залы және кітапхана қорымен, сирек кездесетін архивтік құжаттар мен қолжазбалармен танысты. Сондай-ақ, 1960-1970 жж. қаланың тарихына қатысты деректі фильм «Становление г. Целинограда как центра Целинного края – будущей столицы Казахстана», «Советский Казахстан» деректі фильмдері көрсетілді.

Записаться на прием