Канцелярия +7 7172 28-07-41 (вн.126) , Приемная +7 7172 28-07-41 (вн.114)
ГУ "Государственный архив города Астаны"
Официальный интернет-ресурс

«Астана қаласының Мемлекеттік архиві» ММ ғылыми-әдістемелік кеңес төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қышқашбай Тілеуғали Әшірбекұлының төрағалығымен ғылыми-әдістемелік кеңесі өтті.

Previous Next
«Астана қаласының Мемлекеттік архиві» ММ ғылыми-әдістемелік кеңес төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қышқашбай Тілеуғали Әшірбекұлының төрағалығымен ғылыми-әдістемелік кеңесі өтті. Ғылыми-әдістемелік кеңестің мақсаты Архивте архивтану, археография, құжаттану және Қазақстанның жаңа тарихы бойынша жүргізілетін ғылыми жұмыстардың тақырыптарын қарастыру және архивті ғылыми-зерттеу, зерттеулер мен жұмыстардың нәтижелерін енгізу жөніндегі ұсыныстар әзірлеу және қабылдау болды. Күн тәртібіндегі маңызды 6 мәселе қарастырылды. 1. «Астана қаласы Мемлекеттік архивінің жеке қорларының анықтамалығы» басылымын шығару туралы 2. Астана қаласының даму тарихында әр салада еңбегі сіңген тұлғалар тізімін дайындау барысы туралы 3. Қала тарихының каталогын жасау бойынша талқылау 4. Жеңістің 80 жылдығына арналған «Даңқты батыр Әлмұқан Сембинов» кітабы туралы 5. «Архив хабаршысы» журналынының I санына жариялауға ұсынылған мақалаларды талқылау және ұсыну 6. Астана қаласының мемлекеттік архивінің 30 жылдығына арналған «ASTANA ARCHIVE FEST – 2025» архившілер форумын өткізуге дайындық туралы
Записаться на прием