Астана қаласының мемлекеттік архивіне Қазақстан Республикасы Президенті Архиві жолдаған «Алашорда ісі. 1920-1940 жж. Құжаттар мен материалдар» атты тарихи-құжаттық жинақ келіп түсті. Жинақ 12 томнан тұрады және әр томы 500-600 беттен құралған. Бұл құжаттар бұған дейін жарияланбаған, бір ғасырға жуық құпия болып келген материалдарды қамтиды. Жинаққа Ішкі істер министрлігінен қабылданған қылмыстық архивтік істер мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінен алынған құжаттар да енген.
«Шын мәнінде, Алаш қозғалысы бұл — ХХ ғасырдың басындағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. Бұл дегеніміз қозғалыс тек зиялы қауым өкілдерінен ғана тұрмағанын меңзейді. Яғни, оған қоғамның барлық әлеуметтік тобы атсалысты. Олардың ортақ мақсаты болды. Бұл — мемлекеттік тәуелсіздікті алу және келер ұрпаққа жерімізді сақтап қалу еді» деген еді ҚР Ғылым академиясының академигі Мәмбет Қойгелдиев.
Осындай құнды жәдігермен архив қорын толықтырып, жазба мұрамызды бүгінгі және келешек ұрпаққа аманат ретінде жүйелі түрде жинақтауда және сақтауда баға жетпес үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасы Президенті Архивіне алғыс білдіреміз!
Публикации
Астана қаласының мемлекеттік архивіне Қазақстан Республикасы Президенті Архиві жолдаған «Алашорда ісі. 1920-1940 жж. Құжаттар мен материалдар» атты тарихи-құжаттық жинақ келіп түсті.
Просмотров: 31