Канцелярия +7 7172 28-07-41 (вн.126) , Приемная +7 7172 28-07-41 (вн.114)
ГУ "Государственный архив города Астаны"
Официальный интернет-ресурс

Астана қаласының мемлекеттік архивінің жігіттері қыздарды құттықтады.

Previous Next
Астана қаласының мемлекеттік архивінің жігіттері қыздарды құттықтады. Мекеме басшысы Жангелді Бимолдин құттықтау сөзін арнап, қыз-келіншектерге жылы лебізін білдірді. Ол "Бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен сіздерді шын жүректен құттықтаймын! Әйел-Ана өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Еліміздің сән-салтанаты мен Елордамыздың мерейінің үстем болуында да қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. Көктемнің осынау шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға, жүректеріңізді жырға бөлесін. Әрқашан отбасыларыңыздың ажары, жүрген орталарыңыздың базары таусылмасын! Жамандық атаулы алыста болып, жүректеріңіз тек қана жақсылықтарға толы болсын!" деді. Шара барысында жігіттер өнер көрсетіп, қыздарға сыйлықтарын табыс етті.
Записаться на прием