Канцелярия +7 7172 28-07-41 (вн.126) , Приемная +7 7172 28-07-41 (вн.114)
ГУ "Государственный архив города Астаны"
Официальный интернет-ресурс

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай Астана қаласы мемлекеттік архиві мен Астана қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Бабадан қалған бағзы тіл» атты рухани-әдеби кеш өтті. Шара қонағы Қазақстан Жазушылар одағының мүше

Previous Next

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай Астана қаласы мемлекеттік архиві мен Астана қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Бабадан қалған бағзы тіл» атты рухани-әдеби кеш өтті.

Шара қонағы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Мұхарбек Жәкейұлы болды. Ол «Бабаларымыз өз заманында тіл туралы біраз дүниенің басын ашып айтып кетті. Бүгініг күні де баба тілі өз құндылығын арттырмаса кеміген жоқ. Тіл дегеніміз ұлттың - жаны, жүрегі, тағдыры. Сондықтан ана тіліміздің ғұмыры мәңгі жасай береді» деді.
Астана қаласы мемлекеттік архиві, Ғылыми-зерттеу және ақпараттық түсіндіру жұмысының басшысы Ғазиза Тұрмағанбетқызы Мұхарбек Жәкейұлына мекеме атынан Алғыс хат табыс етті.
Кездесу барысында тағылымды әңгіме айтып, жырдан шашу шашқан ақынға оқырман қауым ризашылығын білдіріп тарқасты.
Записаться на прием