Канцелярия +7 7172 28-07-41 (вн.126) , Приемная +7 7172 28-07-41 (вн.114)
ГУ "Государственный архив города Астаны"
Официальный интернет-ресурс

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында

Previous Next

16-20.09.2024ж. аралығында Құжаттарды қалпына келтіру қызметінің басшысы А. Н. Бағдәулетова Алматы қаласы «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында “Құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру - кітапхана қорларының сақталымын қамтамасыз ету негізі” тақырыбы бойынша Халықаралық семинар-тренингіне қатысты. Спикерлер Мәскеу қаласынан келген М.Рудомино атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиеті кітапханасы және И.Э.Грабарь атындағы Бүкілресейлік көркем ғылыми-қалпына келтіру орталығының жоғары санатты суретші-реставраторлары мен жетекші мамандары. Қырғыз Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Орталық ғылыми кітапханасының директоры мен Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының Абу Райхан Беруни атындағы Шығыстану институтының Консервациялау және қалпына келтіру бөлімі жетекшілері қатысты.
Семинар-тренингінде спикер Кащеев А.А., И.Э.Грабарь атындағы БКҒҚКО химия-технологиялық экспертиза жөніндегі сарапшысы қоймадағы құжаттардың дұрыс сақталуының температура, жарық, ылғалдығын дұрыс нормада реттеу, қойманың ішінде шаң-тозаңның болмауы, тазалықтың маңыздылығын атап өтті. Құжаттардың зақымдану түрлері, себептері ұсынылды. Құжаттардың зақымдануын алдын алу. Қағазға физика-химиялық зерттеулер жүргізу. Сабақта құжаттардың зақымдану түрлері, себептері ұсынылды. Құжаттардың бұзылуын алдын алу. Қалпына келтіру қағаздарының түрлері және оларды таңдау принциптері. Қағаз негізін нығайту (Дублирование). Құжаттарда микроскопиялық зең саңырауқұлақтардың болуын немесе болмауын анықтау әдістері.
Тәжірибелік бөлімде зақымдануларды біріктіру және нығайту технологиялары және құжаттың жоқ бөлігін қолмен толтыру әдісі көрсетілді.

Записаться на прием