Бүгін Есіл ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шара өтті.
Астана қаласы әкімдігі мен қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен кеште «Жеңіс жауынгерлері – Поколение победителей» атты естелік кітаптың тұсауын кесті.
Жиынға Астана қаласы архивінің атынан директордың орынбасары Ардақ Мұқашқызы қатысып, жылы лебізін жеткізді.
Айта кету керек, жаңа кітап – ел үшін жанын қиған батырларымыздың ерлігі мен рухын ұлықтайтын қымбат естелікке айнала бермек...




