«Бату хан» тарихи романы оқырманға жол тартты
26–28 қараша күндері Түркістан қаласында «TURKESTAN BOOK FAIR» түркі тілдес елдердің халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтуде. Шараға түркі тілдес елдердің баспа ұйымдары, қаламгерлері, аудармашылары, әдеби қауым өкілдері қатысуда.
Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі аясында Астана қаласы Мемлекеттік архивінің ғылыми қызметкері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы Ұларбек Дәлейдің «Бату хан» атты тарихи-деректі жаңа романының таныстырылымы өтті.
Сондай-ақ, «Turkestan Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесі үш күндік мәдени-іскерлік бағдарламадан тұрады. Көрме аясында жаңа кітаптардың тұсаукесерлері, авторлармен кездесу және арнайы шеберлік сағаттары өткізіледі.




