Белгілі тележурналист Бейбіт Құсанбек пен «Архив саласының үздігі» Ғазиза Исаханның фотоқұжаттық көрмесі және отбасылық архив қоры қабылданды
Ұлттық архив қорына қазақ тележурналистикасының көрнекті өкілі, қоғам қайраткері Бейбіт Құсанбек пен архив ісінің үздігі, ұзақ жылдар бойы осы салада еңбек еткен Ғазиза Исаханның жеке отбасылық қоры тапсырылды. Сонымен қатар, қос тұлғаның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін фотоқұжаттық көрме көпшілік назарына ұсынылды.
Бұл – ұрпақтар жадында қалатын тарихи аманат.