Канцелярия +7 7172 28-07-41 (вн.126) , Приемная +7 7172 28-07-41 (вн.114)
ГУ "Государственный архив города Астаны"
Официальный интернет-ресурс

БІР ҒАСЫР БҰРЫНҒЫ СЫН

«Ақмола өңірі – архив құжаттарында (ХХ ғ. 20-40 жж.)» атты құжаттар мен материалдар жинағына «Маяк степи» газетінің (Ақмола уездік атқару комитетінің және РКП (б) Укомының органы) 1923 жылғы, 7 шілде күнгі №47 санында жарық көрген «Көмектеспейді» деген шағын мақала енгізілген екен.
Тарихи құжаттар туралы жан-жақты мағлұмат берілген жинақтың ішінен мұны ерекше бөле-жарып неге мысалға келтіріп отырмыз?
Оған басты себеп, біріншіден, мақала басылып шыққалы бері жүз жылдан астам уақыт өтіпті. Сондағы сыналған, мінелген түйткілді жайтты қазіргі қоғамның бет-келбетімен салыстыра қарасаңыз, арада бір ғасыр өткеніне қарамастан ондай жат әрекеттер адамзат баласы бойынан әлі де біржола жойылып кете қоймапты. Бұл мақалада парақорлық пен алаяқтық туралы ой қозғалады.
Көпке дейін жаңбыр жаумай, қуаңшылық салдарынан даладағы егіс сарғайып, күйіп кету қаупі төнеді. Шарасыз қауым мұны болдырмау үшін дін өкілі алдына мұңын шағып барады. Құдайдан жаңбыр тілеп, дұға етуін сұрайды. Бірақ дін өкілі (поп) жәй нәрсеге бола және тегін пайғамбардың мазасын алғысы келмейтінін айтады. Ақырында алақаны майланған өкіл халықтың бұл өтінішін орындап, дұға жасайды. «Алайда, - дейді мақаланың түйінінде автор: бұрынғы тымырсық ыстық ауа, тыныш күндер көзден бұл-бұл ұшып, есесіне бес күннеи бері боран соғып жатыр. Сол күйі жаңбыр жауған жоқ» дейді. Бұл діндар жанның өзі аштықтан зардап шеккен аймақтан келгенін айтады. Оның шексіз құдіреттің иесі екені рас болса, неге дұғасын оқып сол жақтағы өз отарын қуаңшылықтан аман сақтап қала алмады, деп алаяқтық пен ашкөздіктің залалын тілге тиек етеді. Ақмоланың нанына қарнын тойдыру мақсатында келген поптың шынайы бет-бейнесі әшкереленіп, өткір сынға алынады.

Записаться на прием