Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толады. Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында соғыс барлаушысы, үш мәрте «Даңқ» орденінің иегері Әлмұқан Сембинов хақында «Тағдыры тарихқа айналған...» деген атаумен Астана қаласы Мемлекеттік архивінің мұрындық болуымен кітап жарық көреді. Ә. Сембиновтың ұрпақтары батырдың құжаттарын архив қорына тапсырған болатын. Осыған орай әлі де құжаттар жинақталу үстінде. Әлмұқан Сембинов соғысты Эльба өзені сағасындағы Рудерштат қаласында аяқтаған. Алапат соғыс¬тан абыроймен оралған батыр Ақмола қаласының комсомол ұйы¬мында, қалалық партия комитетінің нұсқаушысы болып еңбек жолын бастаған. Елге келген соң Ақмола қаласында ашылған құрылыс техникумының алғашқы директоры болды. Кейіннен ердің еңбегі еленіп «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды. Сөйтіп «Целиноград қаласының Құрметті азаматы» атағына ие болды. Өкініштісі ол 1972 жылы 48 жасында бақилық болды.
Публикации
Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толады.
Просмотров: 86