Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі студенттері архивке келді. «Құқықтану» мамандығы студенттерінің негізі мақсаты - теориялық білімдерін іс жүзінде бекіту, архив қызметімен және құжаттарды сақтау, жүйелеу, қорғау үдерістерімен тереңірек танысу болды.
Студенттерге архивтің құрылымы, негізгі бағыттары, құжаттардың ғылыми-техникалық өңделуі мен сақталу тәртібі туралы кеңінен мәлімет берілді. Сондай-ақ архив қызметкерлері тарихи және құқықтық маңызы бар құжаттармен жұмыс істеудің ерекшеліктері жөнінде тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара студенттердің кәсіби ой-өрісін кеңейтіп, құқық саласындағы тарихи құжаттардың маңызын түсінуге мүмкіндік берді. Мұндай кездесулер болашақ заңгерлердің кәсіби дайындық деңгейін арттыруға және архив ісіне деген қызығушылығын дамытуға үлкен әсер етері сөзсіз.




