Канцелярия +7 7172 28-07-41 (вн.126) , Приемная +7 7172 28-07-41 (вн.114)
ГУ "Государственный архив города Астаны"
Официальный интернет-ресурс

Халықтың қазынасын әйгілеген

Халықтың қазынасын әйгілеген

КСРО халық артисі, Қазақ КСР-і мемлекеттік сыйлығының иегері, композитор Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев сонау 1954 жылы Мәскеуде Чайковский атындағы консерваторияның соңғы курсында оқып жүргенде ерікті жастардың тың игеруге аттанған алғашқы эшолонын шығарып салушылардың бірі болған.
Сол жылы бірнеше айдан соң оқуын тәмамдаған Нұрғиса Атабайұлы Абай атындағы опера және балет театрында дирижер болып еңбек жолын бастайды.
Есіл өңіріне алғаш 1955 жылы іссапармен келген Нұрғиса Атабайұлы кейін бірнеше мәрте келеді, өзінің «Ақ бидай», «Жеңіс гимні», «Тың игерушілер еңбегінің қуанышы» симфониялық поэмаларын, «Дархан далам», «Озат бригада», «Тың игеруші батырларға сәлем», «Кең жазира жайлауым», «Батырлар туралы ән», «Тың игеру мерекесі» әндерін сабағы дәнге толған жайқалған егіс алқабына, дән өсірген, егін даласының ыстығы мен суығына қатар төзген еңбек адамдарына арнады.
Ән, опера, оркестр, кино өнерінде композиторлық, дирижерлік жемісті еңбегімен танылған талант өз табиғатының құнарлы тамырын халықтың өз тіршілігінен алды.
Өз үні, өз бояуымен әлемге танылған «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің ұйымдастырушысы, әрі бас дирижері, композитор, айрықша дарынын халық өнерінің өркенін өсіруге жұмсаған Нұрғиса Атабайұлы Есіл өңірін киелі өлке, мұнда өнер тарландарының туы тігілген деп таныды.
Фото. Нұрғиса Тілендиевтің тың өлкесіне кезекті сапарынан. 1972 ж. наурыз айы.
Ғазиза Исахан

Записаться на прием