Канцелярия +7 7172 28-07-41 (вн.126) , Приемная +7 7172 28-07-41 (вн.114)
ГУ "Государственный архив города Астаны"
Официальный интернет-ресурс

Киіз үйдің қасиеті

Киіз үйдің қасиеті

V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары тұсында этноауылда қаз-қатар сән түзеген ақшаңқан киіз үйлер арқылы ұлы дала өркениетінің үзілмеген ғажайып үлгілері паш етіліп, айшығы мол асыл мұраларымыз дәріптелуде. Ғалымдар киіз үйдің пайда болуы қола дәуірінен басталады, яғни оның тарихы біздің заманымыздан бұрынғы 3-ші мың жылдыққа саяды (қ.с. энциклопедиясы 5 том, 456 бет) деген деректі алға тартады. Шеберлер еңбегімен жалғасып бізге жеткен 8 қанаттан 10, 12, 18 қанатқа дейін баратын киіз үй түрлерін халқымыз күні бүгінге дейін пайдаланып жүр десек, қисынға қиғаш келмейміз. Ал академик Ә.Марғұлан "Казахская юрта и ее урбанство" деген еңбегінде "30 қанатты хан ордалары болған" дейді.
Елорда архивіндегі фотоқұжаттар ішінен назарымызды аудартқан мына бір сурет те осы тақырыпты әрі қарай қаузай түсуімізге түрткі болып отыр. Қазақ әдетте төрге ең сыйлы, ең үлкен, ең құрметті кісісін отырғызған ғой. Екінің бірі төрге жайғаса бермеген. Өйткені қазақ киіз үйдің төріне кие мен құт қонады деп есептеген. Мына суреттен сондай ойды бағамдауға болады. Төрдегі қариялар мен ибалы балалардың отырыстары ойымызды ұрпақтар сабақтастығына қарай ойыстырады. Үлкен кісілердің айтқан өнегелі өсиетіне ден қойған естияр балалардың бойынан, ойлы жанарынан жарқын болашаққа деген айшуақ сенімді аңғару қиын емес. Тарих, тағылым, таным дегеніміз осы болар, сірә!
Суретте: Ақмола өңірінде XX ғ. басында түсірілген сурет.

Записаться на прием