Ұлттық домбыра күні аясында өткен тағылымды шара

2025 жылғы 1 шілде – «Ұлттық домбыра күніне» орай Астана қаласының мемлекеттік архивінде ақын Жібек Болтанованың жеке құжаттарын архив қорына ресми түрде қабылдау, соған сәйкес, «Жайықтың ақын Жібегі» атты дөңгелек үстел өтті.
Осынау айтулы шарамен қатар, ақын қыздың шығармашылық өмірі жайлы «Домбыра – ұлттың асыл қазынасы» атты көрме жұртшылық назарына ұсынылды. 

Бұл бастама шығармашылық мұраны сақтау және өскелең ұрпаққа жеткізу мақсатында жүзеге асып отыр.

