2024 жылғы қазанның 1-4 күндері аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві Халықаралық архивтер кеңесінің (ICA), ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Өңірлік кеңсесінің қолдауымен ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Алматы қаласының әкімдігімен бірлесе өткізіліген «Мұра институттары қоғамды орнықты дамыту жолында» тақырыбындағы ҚР Президент Архивінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған Қазақстан архившілерінің II халықаралық конгресіне Астана қаласының Мемлекеттік архиві директорының орынбасары Мұқашқызы Ардақ қатысып құжаттарды сақтаудағы заманауи мәліметтермен танысып қайтты.
Бұл екінші рет өтіп отырған халықаралық конгрестің мақсаты тарихи-мәдени, құжаттық мұраны сақтаудың өзекті мәселелері бойынша кәсіби қоғамдастықпен сындарлы диалог құру, архивтерді дамытудың инновациялық идеяларын қалыптастыруға және үздік архивтік тәжірибені таратуға ықпал ету.
Конгресте қазіргі заманғы архивтер ашықтық пен қолжетімділіктің стратегиялық қағидаларын басшылыққа алып, цифрландыру, жаңғырту мен киберқауіпсіздіктің өзекті басымдықтары арқылы қоғамның назарына баға жетпес білім мен ақпараттың сан алуан көздерін ұсына отырып, орнықты даму мақсаттарының (ОДМ) барлық бағыттары бойынша жаһандық сын-қатерлерге тарихи көзқарас тұрғысынан жауап беретін қажетті құралдарды жасауға қабілеттілігі туралы негізгі тезистер қаралды.
Конгрес іс-шаралары пленарлық және панельдік сессиялар, воркшоптар, вебинарлар, архивтер мен университеттерге сапарға шығу, жетекші халықаралық және отандық сарапшылардың шеберлік сабақтары, семинарлар және хакатондар, құжаттық көрмелер нысандарында өткізілді.
Конгреске мемлекеттік, ведомстволық және жеке архив қызметкерлері, тарихшылар, мәдениеттанушылар, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, техникалық және кәсіптік оқу орындарының оқушылары, IT-саласының қызметкерлері және т.б. қатысты.
Публикации
Мұра институттары қоғамды орнықты дамыту жолында
Просмотров: 44