Канцелярия +7 7172 28-07-41 (вн.126) , Приемная +7 7172 28-07-41 (вн.114)
ГУ "Государственный архив города Астаны"
Официальный интернет-ресурс

«Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау

Previous Next
2024 жылдың 20-қарашасында «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бағынысты басқарма мамандары мен Астана қаласының мемлекеттік архиві арасында «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары» негізінде бірлескен оқыту өткізді. Оқыту барысында Астана қаласы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы - Кулов Сәкен Абдрахманович құжат айналымы және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалануда қызметкерлер қажетті мәселелерді талқылады. Астана қаласы әкімі аппаратының кеңсесінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы - Абулхалыкова Батима Жолаушевна құжаттау, құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарға аса мұхият болу қажеттігін атап өтті. Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бас маманы - Рысмамбетова Гүлжан Кабибуллақызы, Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бас маманы – Түсіпова Нағима Ыдырысқызы, Астана қаласының мемлекеттік архивінің директоры Ж.Бимолдин, орынбасары - Мұқашқызы Ардақ, ведомстволық архивтерді жинақтау қызметі басшысы Д.Успанова, орынбасары - Махметова Айкен Жакановна, бас сарапшы - Иманбаева Назгүл Каркенқызы бастаған мамандар «Құжаттау, құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар мен істер номенклатурасын ресімдеу, құжаттардың құндылығын сараптау» тәртібінің маңыздылығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыстарының мақсаты ұйымдарда істерді тиімді қалыптастыру және ресімдеу арқылы құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, құжат айналымы мен құжаттардың құндылығына сараптама жүргізуді оқыту, архивтік сұраныстардың орындалуын түсіндіру.
Записаться на прием