2024 жылғы 11 желтоқсанда «Тұңғыш Президент Музейі» корпоративтік қоры Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Объективте және экранда: Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» ақпараттық-мәдени жобаның ашылу салтанаты болып өтті. Іс-шараға генерал-лейтенант Б.Е. Ертаев, генерал-лейтенант А.Б. Тасболатов, мемлекет қайраткері Т.С. Сүлейменов, мемлекет және қоғам қайраткері Б.С. Әйтімова қатысып, сөз сөйледі.
Жобаның ашылу салтанатына Астана қаласы мемлекеттік архивінің директоры Ж.Б. Бимолдин, ғылыми-зерттеу және ақпараттық түсіндіру жұмысы қызметінің жетекшісі Ғ.Т. Исахан қатысты. Іс-шара аясында тақырыптық фильм көрсетіліп, фотокөрме экспозициясы бойынша экскурсия жүргізілді.
Публикации
Объективте және экранда: Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі
Просмотров: 40