Канцелярия +7 7172 28-07-41 (вн.126) , Приемная +7 7172 28-07-41 (вн.114)
ГУ "Государственный архив города Астаны"
Официальный интернет-ресурс

ПРЕСС-РЕЛИЗ АСТАНА ҚАЛАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНЕ – 30 ЖЫЛ. «ASTANA ARCHIVE FEST – 2025» халықаралық форумы өтеді Астана қаласы мемлекеттік архивінің 30 жылдық мерейтойына орай 2025 жылғы 18-19 қыркүйек күндері «ASTANA ARCHIVE FEST-2025» халықаралық форумы

Previous Next

ПРЕСС-РЕЛИЗ

АСТАНА ҚАЛАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНЕ – 30 ЖЫЛ.
«ASTANA ARCHIVE FEST – 2025» халықаралық форумы өтеді
 
Астана қаласы мемлекеттік архивінің 30 жылдық мерейтойына орай 2025 жылғы 18-19 қыркүйек күндері «ASTANA ARCHIVE FEST-2025» халықаралық форумы өтеді. 
Форумның басты мақсаты – архив саласындағы заманауи тәжірибе алмасу, халықаралық ынтымақтастықты нығайту, цифрландыру үрдісіндегі жетістіктерді ортаға салу және архив саласында қордаланған мәселелер, цифрлық трансформация, тарихи мұраларды сақтау және оларды болашақ ұрпаққа жеткізу жолдары кеңінен талқыланады. 
Астана қаласының мемлекеттік архивінде Ақмола өңірінің өткен ғасырдағы сан қилы тарихы мыңдаған құжаттармен сақталған. Сонымен қатар, елордамызбен бірге өсіп-өркендеп, сан салалы құжаттарды жинап сақтаумен айналысып келеді.
Іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген архив мамандары, тарихшылар, мемлекеттік органдар өкілдерімен қатар, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Татарстан елдерінің архив ісі саласындағы мамандар қатысады. Форум барысында архив ісінің өзекті мәселелері, тарихи құжаттардың сақталуы мен қолжетімділігі, цифрлық архивтерді дамыту және жас архивистерді даярлау тақырыптарында баяндамалар мен пікірталастар өтеді. 
Қырғыз Республикасы Орталық мемлекеттік архивімен архив ісі саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады.
Форум аясында ел жүрегі саналатын елорда архивінің тарихы, архив қорындағы құнды жәдігерлер «Төрдегі төл тарих» фотоқұжаттық көрмесінде қойылады. Архив жинақтарының таныстырылымы өтеді. 
Астана қаласы мемлекеттік архивінің негізі 1995 жылы қаланғанымен, оның тарихы XX ғасырдың басынан бастау алады. Тарихымыз үшін маңызы зор құжаттар сақталған бұл мекеме де Астана қаласымен бірге өсіп, өркендеп келеді.
Форум өтетін орын:
18 қыркүйек. Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театры
Қ. Қуанышбаев көшесі, 8/1. Кіші зал. 2-қабат. 🕘 Уақыты: [09:00]
19 қыркүйек. Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің әскери-тарихи мұражайы
Республика көшесі, 2 🕘 Уақыты: [14:00]
Байланыс үшін: 8 775 938 01 82
Записаться на прием