Құрметті кітапханашылар!
Архив қызметкерлері Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Кітапханашылар күнімен шын жүректен құттықтайды!
Кітап – адамзат ақыл-ойының мәңгілік мұрасы, рухани қазынасы. Ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби: «Кітап — білім бұлағы, ғылым мен парасаттың кілті» – деп бекер айтпаған. Ал данышпан Абай: «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» – деп, ұрпақты кітаппен дос болуға үндейді.
Сіздердің – ұлттың зердесін ашып, рухын көтеруге, мәдениетін сақтауға қосқан баға жетпес үлестеріңіз бар.
Ізденімпаз оқырмандарыңыз көбейіп, кітап қор толығып, еңбектеріңіз абырой мен қуанышқа толы болсын!
Құрметпен,
Астана қаласы Мемлекеттік архиві ұжымы




