Канцелярия +7 7172 28-07-41 (вн.126) , Приемная +7 7172 28-07-41 (вн.114)
ГУ "Государственный архив города Астаны"
Официальный интернет-ресурс

«Өрт сөндіру», «Авариялық құтқару жұмыстары» мен «Азаматтық қорғаныс» бойынша

«Өрт сөндіру», «Авариялық құтқару жұмыстары» мен «Азаматтық қорғаныс» бойынша

2024 жылдың қыркүйек айының 11 мен 12 арасында Қазақстан республикасының төтенше жағдайлар министрлігінің Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен білікті мамандары Токимбаев Саян Меирбекович тағы басқа білікті мамандар «Өрт сөндіру», «Авариялық құтқару жұмыстары» мен «Азаматтық қорғаныс» бойынша Астана қаласының мекеме басшылары мен жауапты қызметкерлеріне Азаматтық қорғау саласындағы даярлықтан оқыту өткізді.
Оқытуға Астана қаласының мемлекеттік архиві қызметкелері қатысып «Азаматтық қорғаныс іс-шараларына басшылық ету және оларды өткізу тәртібі», «Террористік акті қаупі туындаған жағдайда халықтың лауазымды адамдардың іс-әрекеттері», «Күдікті заттар анықталған кездегі іс-әрекеттер», «Телефон арқылы қауіп төнген кездегі әрекеттер», «Террористік қауіптілік деңгейін белгілеу туралы халықты хабардар ету», «Террористік қауіптілік деңгейі», «Өрт қауіпсіздігі», «Қатты соққы алған кездегі алғашқы көмек», «Жүректің тоқтауы, жарақаттан қан кету кезіндегі алғашқы көмек» туралы өмірде кездесетін әр түрлі жағдайлар қамтылған слайдтар арқылы қосымша мәліметтер түсіндірілді.
Оқыту кезеңінде Азаматтық қорғаныс саласында кез келген адам жұмыс жасай алмайтынын түсіндік. Онда өз ісінің білікті де білімді мамандары, елімізді әр түрлі апаттық жағдайлардан қорғайтын ержүрек, жанашыр, батыл азаматтар мен азаматшаларға үлкен алғысымызды білдіреміз.
Екі күндік онлайн оқытудан өткен қатысушылар тест тапсыру арқылы Азаматтық қорғау саласындағы даярлықтан өткені туралы сертификаттар табысталды.

Записаться на прием