Канцелярия +7 7172 28-07-41 (вн.126) , Приемная +7 7172 28-07-41 (вн.114)
ГУ "Государственный архив города Астаны"
Официальный интернет-ресурс

Сартоқай батыр

Previous Next

2024 жылдың 7-қазанында Астана қаласындағы Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында жазушы Жәди Шәкенұлының «Сартоқай батыр» атты қазақтың Орта жүз Керей тайпасының Сарбас руының тарихы мен шежіресі және Сартоқай батырдың (1660-1755) өмірдерегі баяндалған жинағының тұсау кесері өткізілді. Аталған шарада жазушы ұрпаққа ел мен жерді қорғау өнегесін аманаттауды, ата тарихын жалғауды мақсат еткен жинағын таныстырды.
Іс шараға қазақ тарихына қызығушы оқырмандармен бірге Астана қаласының архиві қызметкерлері Мұқашқызы Ардақ және архив жұмысы қызметінің басышысы Г. Баурбекова қатысты.
Шара барысында архивіміздің болашақ жеке қор құрушысы Жәди Шәкенұлы өзінің осы уақытқа дейін жарық көрген бірнеше еңбектерін архив кітапханасына табыс етті.

Записаться на прием