Канцелярия +7 7172 28-07-41 (вн.126) , Приемная +7 7172 28-07-41 (вн.114)
ГУ "Государственный архив города Астаны"
Официальный интернет-ресурс

Сырымбет еліне саяхат

Previous Next

Сырымбет еліне саяхат

🛤️🏔️
Астана қалалық архившілер үшін сенбілік демалыс таңғы 4 тен басталды. Таңсәріден сонау Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Сырымбет ауылындағы Абылай ханның келіні, Уәли ханның асыл жары, Шоқандай этнограф, саяхатшы, ғалымның әжесі болған «Айғаным қонысын» көруге архив қызметкерлері жиналып, жолға шықтық.
Бұл сапар — өткенге тағзым жасап, тарихымызға үңілу. Биыл қазақтың біртуар ұлы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуымен қатар, Астана қаласының мемлекеттік архивінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылып отыр.
Астанадан 425 шақырым жол аз болмағанмен, жол бойы тұмса табиғатқа, ұшқан құс пен ауасына тамсанып, тарихи мекенге тез ақ жетіп алдық. Бізді .Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайының директоры Кулбаева Нұргүл Қабдрашитқызы күтіп алып, «Айғаным қонысының» тарихымен таныстырды.
Бұл қоныстың салынуы ХІХ ғасырдың басында 1824 жылдан 1834 жылға дейін со¬зылған. Айғанымның өтініші бойынша үйдің жа¬ны¬нан мектеп, медресе, мешіт, монша, қонақүй, тұр¬мыс¬қа қажетті диірмен, аткерме сияқты ғимараттар са¬лынады. Мекенжайдың айнала төңірегі өте жайлы, то¬пы¬рағы құнарлы малға да, егін¬шілікке де тиімді, яғни отырықшы тұрмысқа ың¬ғай¬лы болған. Кейін Кенесары ханның көтерілісі кезінде қыстақ жартылай жанып кетеді. Дегенмен үйлердің бөрене¬лері көп сыр бере қоймаған. Бірақ 1930 жылдары қызылдар оны түгел дерлік жоюға кіріседі.
Зерттеушілер көнекөз қариялардың ай¬туы¬мен 1985 жылы қыстақтың жұрты¬нан үйлердің іргетастарын тапқан. Сол ір¬ге¬тастардың үстіне бөренеден үйлер тұрғызылады. Сонда тарихи орынды қал¬пына келтіруге Шоқанның салған суреттері көп көмек болған екен. Үлкен үйдің ішінде Айғаным мен Шоқанның жеке бөлмелері, қонақ бөлмесі және ас бөлмелері орналасқан.
1993 жылы қайтадан ашылған Айғаным қонысы бүгінде аспан астындағы мұражай қызметін атқарып тұр.
Одан әрі «Айғаным қонысынан» 4 шақырым жерде Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық музейіне жол тарттық. Мұнда Уәлихановтар отбасының бірнеше буынының өмірлерімен байланысты көптеген экспонаттарды тамашаладық. Ш. Уәлихановтың отбасының тарихымен байланысты болған экспонаттар ерекше орын алған екен. Шоқанның ғылыми еңбектері мен қолжазбалары, кітаптары мен көптеген құжаттары көрсетілген. Қашғарға құпия түрде барғаны, онда жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, тілі мен діні жайлы бай материалдар жинағаны – баға жетпес мұра. Архив қызметкерлері мұндай материалдарды зерттеу арқылы тарихи тұлғалар еңбегін жастарға үлгі ету жолында аянбай еңбек етіп келеді. Осы ретте Айыртау ауданы архивінің қызметкерлері Жүсіпова Айжан Төлеужанқызы мен Абаева Гүлмира Зейноллақызы өз кәсіби қызметтерінің бағыты мен күнделікті жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, өзара мазмұнды әңгіме өрбіді. Кездесу барысында архив саласының қазіргі ахуалы, құжаттарды сақтау мен жүйелеудегі жаңа тәсілдер, цифрландыру үрдісі және де құнды деректермен жұмыс істеудің ерекшеліктері мен жауапкершілігі туралы сөз қозғалды. Мұндай кездесулер кәсіби тәжірибе алмасуға, өңірлік архивтер арасындағы өзара байланыстарды нығайтуға зор үлес қосады.
Қасиетті Сырымбет елі көркем табиғатымен ғана емес, қонақжайлылығымен де Астана архившілерінің жүрегінен орын алды. Бізге бар ықыласымен қызмет көрсетіп, төріне шығарып қонақ еткен Айыртау аудандық архив басшылығына, сондағы әріптестеріміз Айжан Төлеужанқызы мен Гүлмира Зейноллақызына, Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық музейіне шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Астаналық әріптестер Шоқан елінен ерекше әсермен оралды.
Осы тағылымды сапарды ұйымдастырып, тарихи-танымдық бағытта мазмұнды бағдарлама әзірлегені үшін Астана қаласының мемлекеттік архивінің басшылығына ерекше алғысымызды білдіреміз. Архив саласына жанашырлықпен қарап, қызметкерлердің кәсіби әрі рухани дамуына жағдай жасап отырған басшылықтың бұл бастамасы – архив ісінің дамуына қосылған зор үлес деп білеміз.
Сырымбетке жасалған сапар — тек тарихи орындарды тамашалау ғана емес, сонымен қатар ұлттық мұраға деген сүйіспеншілікті арттырып, архив қызметкерлерінің кәсіби ынтымақтастығын нығайтқан маңызды оқиға болды. Осындай игі істер алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз.
Записаться на прием