

1950 жылы 10 қарашада КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысы негізінде босатылды. Демобилизациядан кейін Амангелді аудандық ДОСАФ комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.
«II дәрежелі Отан соғысы», «Құрмет Белгісі» ордендерімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Еңбек озаты» және т.б. медальдармен марапатталған.
М. Боранбаевтың 1945-2009 жылдардағы құжаттары 2009 жылдың қыркүйегінде БАҚ-та Астана қаласының Мемлекеттік архивіне Ұлы Отан соғысының ардагерлерінен құжаттарды Мемлекеттік архивке тұрақты сақтауға тапсыруды жарияланғаннан кейін қабылданды
Олардың ішінде Кеңес Одағының Маршалы Г. К. Жуков медалі (Қ. 61. Т. 28. Іс. 3. Б.3), 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл меретойлық медалі (Қ. 61. Т. 28. Іс. 8. Б.1), Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығына арналған құттықтауының көшірмесі. (Қ. 61. Т. 28. Іс.8. Б.1), соғыс жылдарының фотосуреттері (Қ.61. Т. 28. Іс.5. Б. 1), М. Боранбаев туралы мақалалармен газеттерден үзінділер (Қ. 61. Т. 28. Іс. 7), М. Боранбаевтың жорық фляшкасы (Қ. 61. Т. 28. Іс. 9).