Канцелярия +7 7172 28-07-41 (вн.126) , Приемная +7 7172 28-07-41 (вн.114)
ГУ "Государственный архив города Астаны"
Официальный интернет-ресурс

”ЖАУЫНГЕРЛЕР ЖАЛАУЫ”

Previous Next
📌 “ЖАУЫНГЕРЛЕР ЖАЛАУЫ” 📜Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің архив құжаттары. БОРИСОВА (ТОГУСОВА) Нина Григорьевна 1921 жылы 23 желтоқсанда Ақмола қаласында дүниеге келген. Білімі 8 сыныптық. 1940 жылы облыстық жоспарлы бөлімде есеп жүргізуші болып жұмыс істеді, ал 1941 жылы ОблХШБ-ға (облыстық халық шаруашылығы басқармасы) машинист болып жұмысқа ауысты. 1942 жылдың 31 мамырында Кеңес Армиясы қатарына шақырылуына байланысты қызметінен босатылды. 1945 жылдың тамыз айынан қыркүйек айына дейін 12-ші байланыс полкі бөлімінің әскері құрамында Жапонияға қарсы Забайкал майданында соғысты. Маньчжурия мен Моңғолияда болды. 1946 жылы Ақмола әуежайының 287-ші авиаотрядында радиооператор болды. 1952 жылы радиопеленгаторшы болып жұмыс істеді. 1955 жылы тың жерлерге кетуіне байланысты қызметінен босатылып, Новоникольский радиооператор совхозының штатына қабылданды. 1956 жылы отбасын құруына байланысты жұмысынан шықты. Осы жылы облыстық совхоздар басқармасына радиооператор, кейін облыстық ауыл шаруашылық басқармасына түсті. Штат санының қысқартылуына орай мемлекеттік станцияға көшті. Содан кейін ДОСААФ ұжымдық радиостанциясының бастығы болып жұмыс істеді. 1975 жылы аға оқытушы болып ауыстырылды. радиотехникалық мектептің нұсқаушысы, кейін өндірістік оқыту шебері болып жұмыс жасады. 1977 жылы сәуірде зейнеткерлікке шыққан. 2009 жылдың қазан айында Нина Григорьевна 1943-2009 жылдардағы өзінің жеке құжаттарын Астана қаласының мемлекеттік архивіне тұрақты сақтауға берді. Нина Григорьевна өмірбаяндық және марапаттау құжаттарынан басқа, кейіннен арнайы жеке тізімдеме жасалған медальдар мен ордендерін сақтауға тапсырды. Оларға медальдің түпнұсқалары жатады: «Кеңес Одағының Маршалы Г. К. Жуков» медалі, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске жиырма жыл» мерейтойлық медальдары. «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қырық жыл», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске елу жыл»; «КСРО Қарулы Күштеріне елу жыл», «КСРО Қарулы Күштеріне алпыс жыл», «КСРО Қарулы Күштеріне жетпіс жыл», «Ардагер» естелік белгісі. «ДОСААФ СССР» құрметті белгісі, «Чемпион ДОСААФ» естелік белгісі. Барлығы 8 медаль және 3 белгі. (Қ. 61. Т.15. Іс.5. ББ. 1-3), 2002 ж. жұбайы Борисов Михаил Ивановичпен түскен фотосурет (Қ. 61. Т.15. Іс.7. ББ. 1-3).
Записаться на прием