Канцелярия +7 7172 28-07-41 (вн.126) , Приемная +7 7172 28-07-41 (вн.114)
ГУ "Государственный архив города Астаны"
Официальный интернет-ресурс

”ЖАУЫНГЕРЛЕР ЖАЛАУЫ”

Previous Next
📌 “ЖАУЫНГЕРЛЕР ЖАЛАУЫ” 📜Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің архив құжаттары Бекенов Кадан 1924 жылы 17 қазанда Ақмола облысының Астрахан ауданы Жарсуат ауылында дүниеге келген. Ол 8 жасында балалар үйіне қабылданады. 1942 жылы Бекенов Кадан Қызыл Әскер қатарына шақырылады. 1942 жылдың тамыз айынан 1943 жылдың ақпан айына дейін Алматыда жаяу әскер училищесінде оқыды. 1943 жылы 3 ақпанда майданға аттанады. Бекенов Кадан 1943 жылдың тамызында Оңтүстік-Батыс майданында пулемет есебінің командирі болды. 3-ші Украин майданының құрамында көптеген ауыр шайқастарға қатысты. Содан кейін 1-ші Белорус майданының 5-ші әскеріне жіберілді. Автоматшылар ротасының командирі болды. 1945 жылдың сәуір айында Берлин штурмында Варшаваны, Тираспольді азат етуге қатысты. Он бір жауынгерлік наградалармен, Жоғарғы Бас Қолбасшы И. Сталиннен үш рет алғыс хатпен марапатталды. Марапаттау құжаттарының ішінде «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін» медальдарына куәліктер, «Берлин қаласына басып кіргені үшін» және қала мен Кистжинь бекінісін игерген ұрыстарға қатысқаны үшін, алғыс хаттары бар. Қ. 61. Т. 34. Іс. 1-10
Записаться на прием