Канцелярия +7 7172 28-07-41 (вн.126) , Приемная +7 7172 28-07-41 (вн.114)
ГУ "Государственный архив города Астаны"
Официальный интернет-ресурс

”ЖАУЫНГЕРЛЕР ЖАЛАУЫ”

Previous Next
📌 “ЖАУЫНГЕРЛЕР ЖАЛАУЫ” 📜Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің архив құжаттары. БЕКУЛОВА (ВОРОБЬЁВА) Екатерина Александровна 1922 жылы Вологодск облысы Соколов ауданының Литяго ауылында дүниеге келген. Екі жасында әкесіз қалады. 16 жасында әуелі асханада қарапайым жұмысшы болып жұмысқа кірді, содан кейін аспаз болып қайта даярланады. 1942 жылдың сәуірінде өз еркімен әскер қатарына алынады. Соғыс даласында Батыс майданының зениттік ротасының барлаушысы, пулеметші болды. «ІІ дәрежелі Отан соғысы» орденімен, мерейтойлық медальдармен марапатталды. Соғыстан кейін Львов қаласының әскери госпиталіне емделуге жіберілді, онда болашақ күйеуі – Бекулов Михаил Алексеевичпен танысып, тұрмысқа шығып, онымен бірге оның Отаны – Кавказға кетті. 1954 жылы Бекуловтар қазақ даласына Торғай облысы Державин ауданының Пятигорский совхозына тың және тыңайған жерлерді игеруге келді. 1980 жылдан бастап Екатерина Александровна Целиноград қаласында тұрады. Көп жылдар «Целиноградсельмаш» зауытында жұмыс істеді. Зейнет жасына келуіне бойланысты зейнеткерлік демалысқа кетті. 2001 жылы Екатерина Александровна Астана қаласы Мемлекеттік архивтің өтінішіне жауап ретінде өзінің 1942-2002 жылдардағы жеке құжаттарын Мемлекеттік сақтауға берді.Тапсырылған құжаттарының арасында Кеңес Одағының Маршалы Г. К. Жуков медалі, 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 30, 40, 60 жыл, КСРО Қарулы күштеріне 60,70 жыл, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, Ұлы Отан соғысы кезінде жазылған ефрейтор Бекуловаға мінездеме, 1883 ә/б ӘШҚ (Қ.61.Т.4.Іс.1.Б.1), ҰОС-ның 256-шы жеке зениттік-артиллериялық дивизионының құрамында және Астана қаласындағы «Қазақстан Республикасының Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің филиалымен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқандығы туралы Е.А. Бекуловаға берген анықтама (Қ.61.Т.4.Іс.4.ББ. 1-2), баспасөз беттерінде ол жайлы мақалалардан үзінділер
Записаться на прием