Кеңсе+7 7172 28-07-41 (іб.126) , Қабылдау бөлімі+7 7172 28-07-41 (іб.114)
"Астана қаласының Мемлекеттік архиві" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

Ақмола өлкелік атқару комитетінің Президиумы мен Р.К.К.И. Советтерінің және депутаттардың ірі байларды, хандар ұрпақтарын, сұлтандарды, болыстарды және билерді (қазы) Ақмола өлкесінен шетке шығару туралы қаулысы. Ақмола қаласы

Previous Next

Ақмола өлкелік атқару комитетінің Президиумы мен Р.К.К.И. Советтерінің және депутаттардың ірі байларды, хандар ұрпақтарын, сұлтандарды, болыстарды және билерді (қазы) Ақмола өлкесінен шетке шығару туралы қаулысы.

Ақмола қаласы 1928 жылдың 26-қыркүйегі
Президиумның № 39 хаттамасы
Астана қ, МА. 106-қор, 1-тіз., 85-іс, 125 б.
Мазмұны:
Ақмола өлкесінің әкімшілік шеңберіндегі ірі байларды, тарихи тұрғыдан билік жүргізген хандар мен сұлтандардың ұрпақтарын, болыстарды және дәстүрлі билерді (сот шешімдерін қабылдағандарды) өлкеден мәжбүрлі түрде көшіру туралы шешім қабылданды. Бұл шара Кеңес өкіметінің саясатына сәйкес әлеуметтік теңдікті нығайту, таптық қарама-қайшылықтарды шешу мақсатында жүзеге асырылады. Шығарылатын тұлғалардың мүлкі мемлекеттеліп, олардың отбасыларымен бірге округ аумағынан басқа аймақтарға жер аударылады. Қаулы біржолғы орындалуға тиіс және округтің барлық әкімшілік бөлімшелері үшін міндетті болып табылады.
Осы қаулы негізінде Ақмола, Азат, Еркіншілік, Қорғалжын, Нұра, Атбасар және Асан-Қайғы сияқты 8 ауданның 46 ірі байлары, хандар ұрпақтары, сұлтандары, болыстары және билерін (қазы) Ақмола өлкесінен шетке шығару туралы қаулы қабылданған.
Нұрбақыт Бейсенұлы, Астана қаласы Мемлекеттік архивінің қызметкері, тарихшы
Записаться на прием