«АРХИВТІК АНЫҚТАМАЛАР, АРХИВТІК ҚҰЖАТТАРДЫҢ КӨШІРМЕЛЕРІН НЕМЕСЕ АРХИВТІК ҮЗІНДІЛЕР БЕРУ» мемлекеттік қызметі бойынша өтінішті egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы берудің артықшылықтары:
- Тәулік бойы қолжетімділік;
- Жазбаша растауды күтудің қажеті жоқ;
- Жұмыс уақытын үнемдеу;
- Кезектің болмауы;
- Жедел ақпараттандыру;
- Өтінішті өңдеудің әр кезеңі туралы хабардар ету;
- Қызметті алу мерзімінің нақты белгіленуі.
ӨТІНІШТІ ҚАЛАЙ БЕРУГЕ БОЛАДЫ?
Egov.kz порталының басты бетінде авторизациядан өткеннен кейін төмендегілерді таңдау қажет:
ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК
↓
ҚҰЖАТТАРДЫ АПОСТИЛЬДЕУ ЖӘНЕ АРХИВТІК АНЫҚТАМАЛАР
↓
АРХИВТІК АНЫҚТАМАЛАР АЛУ
↓
ОНЛАЙН ҚЫЗМЕТКЕ ТАПСЫРЫС БЕРУ
↓
Осыдан кейін барлық міндетті жолдарды толтырып, өтінішке қол қою қажет.
EGOV.KZ Порталында өтініш беру бойынша бейне-нұсқаулық




