Кеңсе+7 7172 28-07-41 (іб.126) , Қабылдау бөлімі+7 7172 28-07-41 (іб.114)
"Астана қаласының Мемлекеттік архиві" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

Басшылық

Директор

Бимолдин Жангельды Бержанович

Архив қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Мемлекеттік архивтің өндірістік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды.

Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады, олардың қызметін мемлекет пен қоғамның мүддесі үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын қалыптастыру, сақтау, есепке алу және пайдалану жөніндегі қызметті дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.

Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшесіне, Қаржы-экономикалық бөліміне және Әкімшілік-шаруашылық қызметіне жетекшілік етеді.

 

Директордың орынбасары

Мұқашқызы Ардақ

Ақпарат тасығыштардың барлық түрлерінде архивтік құжаттарды қабылдау, сақтау тұтастығын қамтамасыз ету, мемлекеттік есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Құжаттардың құндылығына мемлекеттік сараптама жүргізуді, Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің жинақтау көздері – мекемелер мен тұлғалардың тізімдерін дайындауды, жүргізуді қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын ведомстволық сақтау мәселелері бойынша мекемелер мен ұйымдарға әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік есепке алу, сақтау және архивтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қызметі және Ведомстволық архивтерді жинақтау қызметіне жетекшілік етеді.

 

Директордың орынбасары

Голоушкина Галина Александровна

Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шет елдердің жеке және заңды тұлғаларының сұранымдарының орындалуын, консулдық, құқық қорғау, сот сауалдарының және өзге де органдардың орындалуын қамтамасыз етеді.

(Қазақстанның жеке және заңды тұлғаларынан, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерді қоса алғанда, басқа елдерден келген сұранымдарды орындауды жүзеге асырады. Бұған консулдық, құқық қорғау және сот сұранымдары, сондай-ақ басқа органдардың сұранымдарын орындау кіреді.)

Архивтің құрылымдық бөлімшелері үшін кадрларды іріктеу жөніндегі жұмысты үйлестіреді, қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді қамтамасыз етеді. Жоспарларды әзірлеуге қатысады, олардың орындалуын бақылайды, қажетті есептілікті ұсынуды қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету қызметіне және IT бөліміне жетекшілік етеді.

 

Директордың орынбасары

Қышқашбай Тілеуғали Әшірбекұлы

Архивтану, құжаттану және археография саласындағы ғылыми-зерттеу, әдістемелік және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады және үйлестіреді. Көрмелерді, семинарларды, конференцияларды өткізуді және архивтік құжаттарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді. Оқу залының жұмысын және құжаттарды мүдделі заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға беруді ұйымдастырады.

Бүлінген немесе жойылған архивтік құжаттарды қалпына келтіру процесін үйлестіреді.

Ғылыми-зерттеу және ақпараттық-түсіндіру қызметі мен Құжаттарды қалпына келтіру және сақтау құралдарын дайындау қызметіне жетекшілік етеді.

Записаться на прием