Кеңсе+7 7172 28-07-41 (іб.126) , Қабылдау бөлімі+7 7172 28-07-41 (іб.114)
"Астана қаласының Мемлекеттік архиві" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

Мұрағат қорларының сипаттамасы

 «Астана қаласының мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесі қорларының сипаттамасы

 

Астана қаласының мемлекеттік архиві (бұдан әрі – Архив) қала әкімінің 1995 жылғы 23 қарашадағы Ақмола қаласы әкімінің шешімімен құрылды, архив мекемесі қала аумағында орналасқан кәсіпорындар мен ұйымдардағы Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқада архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалануды жүзеге асырушы мекеме болып табылады.

         Архив елорданың қоғамдық – саяси, экономикалық және мәдени өмірінің маңызды аспектілерін сипаттайтын тарихи оқиғаларды, қоғам мен қаланың, халық шаруашылығының даму кезеңдерін, республикамыздың саяси және мемлекет қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет, өнер өкілдерінің өмірі жайлы құжаттарын сақтайды.

Сақтаудағы архив құжаттарына сүйене отырып, Астананың 1912 жылдан бергі тарихына үңілуіне болады.

         Қазіргі уақытта архивте сақтауда 758 қор және 409 359-дан астам сақтау бірлігі бар, оның ішінде: тарихи қорлар (революцияға дейінгі), басқару құжаттамасы, жеке құрам туралы құжаттар, жеке тектік құжаттары (жеке қорлар), фотоқұжаттар бар.

         Қорлар:

  • басқару құжаттамасы - 591 қор (оның ішінде: партиялық және комсомолдық құжатар - 70 қор);
  • жеке тектік құжаттар - 92 қор (8 қор фотоқұжат);
  • жеке құрам бойынша құжаттар - 64 қор;
  • ҒТД -2 қор;
  • фотоқұжаттар- 9 қор.

         Құжаттар:

  • 407 407 сақтау бірлігі қағаз негізіндегі, оның ішінде;
  • басқару құжаттамасы- 224 063 сақ. бірлік (соның ішінде партия және

комсомол құжаттары – 19 828 дана);

  • жеке тектік құжаттар – 8 481 дана;
  • ғылыми-техникалық құжаттама – 10 665 дана;
  • жеке құрам бойынша құжаттар – 164 198 (соның ішінде партия және
  • комсомол құжаттары – 27 098 дана) дана.
  • оның ішінде 1 952 сақтау бірлігі аудиовизуалды құжаттар:

- фотодокументы – 1 867ед.хр.;
- фонодокументы – 37 ед.хр.; 
- видеодокументы – 48 ед.хр.

         Сондай-ақ Біріктірілген архив қорында (БАҚ – 430) – XVIII – XX ғасырлардағы архив құжаттары жинағы берілген (1917 жылға дейін) шетел архивтері және республикамыздың Орталық архивтерінде анықталған, әкімшілік, сот, шекаралық жерге орналастыру, қаржы, шаруашылық мекемелері, халық ағарту, шаруашылық және қалалық өзін-өзі басқару органдарының қызметін көрсететін біршама құжаттар назарларыңызға ұсынылған. Бұл құжат материалдары қала мен ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын кеңінен көрсетеді. Олардың ішінде ерекше қызығушылық тудыратыны келесі құжаттар: Абылай Сұлтан мен Қоңыр Құлжа Құдаймендин Сұлтанның императрица Екатерина Алексеевнамен хат алмасуы; Абылай ханның ант қабылдау туралы патша үкіметіне жазған хаты, Сенат жарлықтары, Кенесары Қасымовпен бірге көтеріліске қатысқан қазақтардың іс-әрекетін бақылау ісі және тағы басқалар.

         Архив қорында Кеңестік кезеңді Ақмола қаласындағы социалистік құрылыс тарихының құжаттары көрсетеді. Кеңес өкіметінің орнатылуы мен нығаюы, өнеркәсіптік кәсіпорындар, азамат соғысы, халық шаруашылығын ұйымдастыру, қалпына келтіру және дамыту, халық шаруашылығын ұжымдастыру, ауыл шаруашылығы және таптық топтармен күрес, халық ағарту ісін дамыту, жұмысшылардың қоғамдық қызметін көрсететін құжаттар сақталған.

         1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жайында Ақмола қалалық атқару комитетінің Кеңесі депуттарының, ауыр машина жасау зауыттарының, тресттердің, қолөнер артельдерінің, т.б. қорларының құжаттарында кеңінен көрініс тапты.

         1961-1965 жылдардағы тың өлке мекемелері қорының маңызы аз емес. Тың өлкесінің құрамына кіретін: Көкшетау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Целиноград облыстарындағы социалистік құрылыс құжаттары тарихын ашады.

         Жаңа Астана тарихының бірегей материалдарында сипатталған Қазақстанның тәуелсіздік кезеңінің құжаттары ерекше қызығушылық тудырады. Оның ішінде: Елорданы ауыстыру, қаланың атауын өзгерту, қала инфрақұрылымының өсуіне ықпал еткен арнайы экономикалық аймақты ашу туралы Президент Жарлықтары, сондай-ақ жаңа қаланың қарқынды дамуының куәлары болып табылатын құжаттар мен киноқұжаттары.

         Сонымен қатар, Архив елорда мен оның тұрғындарының тарихының шынайы айғағы болып табылатын көрнекті құжаттарды сақтайды. Бұл жеке тектік қорлар. Архивіміздің жеке тектік қорларында өңдірісті, ғылым мен техниканы ұйымдастыруға бірегей шығармашылық үлес қосқан халық шаруашылығының көрнекті қайраткерлері, еліміз бен қаламыздың дамуына үлес қосқан, жобалау, ғылымда жаңалық аша білгендігін көрсететін құжаттар сақтаулы. Жеке тектік құжаттар тұлғалардың өмірі мен қызметтерін, ізденістері, шешімдері мен табыстарын баяндайды және де олар жасаған тарихи дәуірдің бейнесін бейнелейді.

         Архивтегі фотоқұжаттар қала тарихындағы елеулі оқиғаларды, өнеркәсіпті, мәдениетті, білім беруді және қала өмірінің басқа да салаларын дамытуға белгілі үлес қосқан тұлғаларды көрсететін позитивтермен ұсынылған.

Записаться на прием