АБАЙ (ИБРАҺИМ) ҚҰНАНБАЕВ
1904 жылы 23 маусымда Семей уезінің Шыңғыс болысында (Шыңғыстауда) даланың сүйікті ақыны Абай Құнанбаев дүние салды. Негізгі хатқа түскен аты Ибраһим (Авраам) болса да, қазақ даласы шешесінің еркелетіп қойған нәзік үнді есімімен Абай деп атап кеткендіктен, біз де солай қолданамыз. Абай әке жағынан алғанда Тобықты руының белгілі шонжары мен биінен тарайды. Ақынның бабасы, тобықтының батыр биі Ырғызбай Торғай облысындағы Ырғыз өзенінің бойында XVII ғасырдың 50 жылдарында дүниеге келген. Ат төбеліндей көсемнің бірі ретінде ол тобықты руын Түркістаннан аса құнарлы жайылымы мол Шыңғыс тауына көшіріп әкеледі. Абайдың атасы Өскенбай дала халқына әділ би ретінде танылды. Оған басқа рулардың қазақтары да жүгініп дауларын шешкізді. Абайдың әкесі Құнанбай да басқа рудың қазақтарына өктемдік жүргізген, оны
тек қана төре тұқымдарының сұлтандарына ғана тән лауазым Қарқаралы округінің…
Жалғасын АРХИВ ХАБАРШЫСЫ ЖУРНАЛЫНАН оқи аласыздар
⏬⏬🔻
https://www.gosarhiv.kz/files/%D0%90%D0%A0%D0%A5%D0%98%D0%92%20%D0%A5%D0%90%D0%91%D0%90%D0%A0%D0%A8%D0%AB%D0%A1%D0%AB_3_2025.pdf
Жаңалықтар
АБАЙ (ИБРАҺИМ) ҚҰНАНБАЕВ
Қаралды: 19