Архив саласы мамандары дөңгелек үстелде бас қосты
Астана қаласы Мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен оқу-әдістемелік модуль аясында өткен дөңгелек үстелде архив ісінің өзекті мәселелері мен заманауи шешімдері талқыланды.
- Алдымен Астана қаласы Мемлекттік архивінің құрылғанына 30 толуына
орай құттықтаймын. Келгелі архив саласының мамандарымен тілдесе отырып, аларымыз көп екендігін аңғардық. Қазақстанда архив саласына ерекше назар аударған екен. Оны шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанынан байқап отырмыз. Қазақстандық әріптестерден үйренеріміз көп, -деді Қырғыз Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің директоры Мамат Момунов.
Дөңгелек үстел басында Астана қаласының Мемлекеттік архивінің құжаттарды қалпына келтіру және сақтау құралдарын дайындау қызметінің басшысы Айгүл Бағдаулетова «Архив – аманат: тарихи құжаттар мен сирек кітаптарды сақтау және қалпына келтіру барысында көптеген жұмыстар істелді. Біз тек құжаттарды қалпына келтіріп қана қоймаймыз, тарихи мұраны сақтауға қызмет етеміз» деді.
Сонымен қатар, «Құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу: жоспарлау, үдеріс және заманауи тәсілдер» атты әдістемелік жинақтың тұсаукесері өтті.
- Жаңа әдістемелік құралда біз құжаттарды өңдеудің практикалық және
теориялық аспектілерін біріктірдік. Бұл нұсқаулық – архившілердің күнделікті жұмысында таптырмас көмекші құрал болады, – деді Астана қаласы мемлекеттік архивінің ведомстволық жинақтау қызметің басшысы Дариға Серікқызы.
Форум соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, «Үздік архив» және «Үздік архивші» номинациялары бойынша үздіктер анықталды. Астана қаласы Мемлекеттік архивінің директоры Жангелді Бимолдин шараға қатысушыларға алғыс айтып, үздіктерді марапаттады.