Кеңсе+7 7172 28-07-41 (іб.126) , Қабылдау бөлімі+7 7172 28-07-41 (іб.114)
"Астана қаласының Мемлекеттік архиві" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

Астана қаласы мемлекеттік архиві «Сирек кітаптар мен қолжазбалар» коллекциясының таныстырылымын ұйымдастырды. Іс-шара аясында 1823 жылы Қазанда басылып шыққан  Құран-Кәрім мен өзге де құнды қолжазбалар жұрт назарына ұсынылды.

Previous Next

Архив қорына қабылданған мұралар арасында діни, тарихи және әдеби мазмұндағы көне кітаптар мен қолжазбалар бар. Мамандардың айтуынша, бұл жәдігерлер ұлттық мұра ретінде ғылыми айналымға енгізіліп, зерттеушілерге қолжетімді болады.
Таныстырылым кезінде келушілерге сирек басылымдардың түпнұсқасы көрсетіліп, олардың мазмұны мен сақтау жайы туралы ақпарат берілді.
Архив қызметкерлері бұл бастаманың рухани құндылықтарды жаңғыртуға және тарихи сананы нығайтуға бағытталғанын айтады.
Записаться на прием