Кеңсе+7 7172 28-07-41 (іб.126) , Қабылдау бөлімі+7 7172 28-07-41 (іб.114)
"Астана қаласының Мемлекеттік архиві" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

АСТАНА ҚАЛАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНЕ – 30 ЖЫЛ! «ASTANA ARCHIVE FEST – 2025» халықаралық форумы өтіп жатыр Форумның басты мақсаты – архив саласындағы заманауи тәжірибе алмасу, халықаралық ынтымақтастықты нығайту, цифрландыру үрдісіндегі жетістіктерді ортаға

Previous Next

АСТАНА ҚАЛАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНЕ – 30 ЖЫЛ!

«ASTANA ARCHIVE FEST – 2025» халықаралық форумы өтіп жатыр
Форумның басты мақсаты – архив саласындағы заманауи тәжірибе алмасу, халықаралық ынтымақтастықты нығайту, цифрландыру үрдісіндегі жетістіктерді ортаға салу және архив саласында қордаланған мәселелер, цифрлық трансформация, тарихи мұраларды сақтау және оларды болашақ ұрпаққа жеткізу жолдары кеңінен талқыланды.
Астана қаласының мемлекеттік архивінде Ақмола өңірінің өткен ғасырдағы сан қилы тарихы мыңдаған құжаттармен сақталған. Сонымен қатар, елордамызбен бірге өсіп-өркендеп, сан салалы құжаттарды жинап сақтаумен айналысып келеді.
Айтулы шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген архив мамандары, тарихшылар, мемлекеттік органдар өкілдерімен қатар, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Татарстан елдерінің архив ісі саласындағы мамандар қатысуда. Форум барысында архив ісінің өзекті мәселелері, тарихи құжаттардың сақталуы мен қолжетімділігі, цифрлық архивтерді дамыту және жас архивистерді даярлау тақырыптарында баяндамалар мен пікірталастар өтті.
Қырғыз Республикасы Орталық мемлекеттік архивімен архив ісі саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Форум аясында ел жүрегі саналатын елорда архивінің тарихы, архив қорындағы құнды жәдігерлер «Төрдегі төл тарих» фотоқұжаттық көрмесінде қойылған. Архив жинақтары таныстырылды.
Астана қаласы мемлекеттік архивінің негізі 1995 жылы қаланғанымен, оның тарихы XX ғасырдың басынан бастау алады. Тарихымыз үшін маңызы зор құжаттар сақталған.
Записаться на прием