Кеңсе+7 7172 28-07-41 (іб.126) , Қабылдау бөлімі+7 7172 28-07-41 (іб.114)
"Астана қаласының Мемлекеттік архиві" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

Астана қаласының мемлекеттік архивінің қызметкерлері «Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне арнайы  экскурсия жасап қайтты.

Previous Next
📍 18 маусым 2025 жыл
Астана қаласының мемлекеттік архивінің қызметкерлері «Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне арнайы экскурсия жасап қайтты.
🕊️Ел тарихының ең бір қасіретті беттерімен – нәубет жылдардағы қуғын-сүргін мен ашаршылық, Алаш ардақтыларының жары мен аналарының жазықсыз жапа шеккен тағдырымен танысып, «АЛЖИР» мұражайының құнды деректері мен архивіміздегі сақталған сирек құжаттар арасында терең үндестік бар екенін тағы бір мәрте сезіндік.
🎬 Кешен ішінде көрсетілген «АЛЖИР-дің ызғарлы суығы» атты деректі фильм арқылы сол кездегі ауыр ахуал, аналардың жанайқайы мен рухани қайсарлығы жүрекке жетіп, бүгінгі ұрпаққа тағылым болатын тарихи сабақ іспетті әсер қалдырды.
🤝 Осы сапар аясында АЛЖИР мемориалды кешені басшылығы мен Астана қаласының мемлекеттік архиві бірлесіп, алдағы уақытта бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты. Атап айтқанда:
📨маңызды іс-шаралар.
📚 бірлескен көрмелер ұйымдастыру,
📄 архивтік құжаттар негізінде ғылыми-танымдық кітап шығаруды жоспарлады.
⚜️ Өткенді ұмытпай, тарихи шындықты болашақ ұрпаққа жеткізу – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Записаться на прием