Кеңсе+7 7172 28-07-41 (іб.126) , Қабылдау бөлімі+7 7172 28-07-41 (іб.114)
"Астана қаласының Мемлекеттік архиві" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

Астана күні мерекесіне орай Ұлттық академиялық кітапханада қала тарихын арқау еткен маңызды іс-шара өтті. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл  Артықбаевтың «Қараөткел құпиялары» атты тарихи-танымдық кітабының тұсаукесері өтті.

Previous Next

20 маусым күні Астана күні мерекесіне орай Ұлттық академиялық кітапханада қала тарихын арқау еткен маңызды іс-шара өтті. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаевтың «Қараөткел құпиялары» атты тарихи-танымдық кітабының тұсаукесері өтті.

📚Аталған еңбек Астана қаласы Мемлекеттік архивінің ғылым-әдістемелік кеңесінің ұсынысымен жарық көрді.
📚 Астана қаласы мемлекеттік архиві мен тарихшы Жамбыл Артықбаевтың бірлескен ізденісінің нәтижесінде Архив құжаттары мен тарихшының ғылыми зерделеуі тоғысып бұл еңбек – елорданың мәдени-тарихи тамырын тереңнен танытатын құнды дереккөзіне айналды.
🔍 Іс-шара аясында архив қорынан құралған «Шаһар шежіресі» фотоқұжаттар көрмесі жұрт назарына ұсынылды. Бұл көрме – елорданың қалыптасу тарихын баяндайтын көне фотосуреттер мен құжаттар арқылы өткен мен бүгінді жалғаған алтын көпір іспетті.
📖 «Қараөткел құпиялары» – Есіл мен Нұраның арасын мекендеген ежелгі Қараөткел өңірінің көмескі тарихын қайта сөйлеткен, Астана атауының артында жатқан терең мағыналарға үңілткен ерекше еңбек.
Бұл еңбек – тарихқа қызығушы оқырманға, жастарға әсіресе оқушылар мен студенттерге арналған. Отаншылдық пен танымдық тәрбиені ұштастыра отырып, жас ұрпақтың тарихи жадысын жаңғыртуды мақсат еткен еңбек.
Записаться на прием