2024 жылдың 22 қазанында Астана Опера театрында Мемлекет басшысы Республика күніне арналған «Қастерлі Отан – Қазақстан» атты мерекелік концертті Астана халқымен бірге тамашалады.
«Астана Опера» театрында өткен салтанатты кеште елімізге танымал мәдениет қайраткерлері мен түрлі шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.
Жиналған көпшілікке естен кетпес әсер сыйлаған аталмыш концерттің көрермендері арасында Астана қаласы мемлекеттік архивінің қызметкерлері де болды.
Қазақстан үшін 25 қазан – тарихи әрі маңызды күндердің бірі. Бұл күн тек мереке емес, біздің егемендігімізді, еркіндігімізді және ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін күн. Бұл күн бізді мақтаныш сезіміне бөлеумен қатар, елдің болашағы үшін жауапкершілікті сезінуге де шақырады.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Жаңалықтар
Қастерлі Отан – Қазақстан
Қаралды: 56