Кеңсе+7 7172 28-07-41 (іб.126) , Қабылдау бөлімі+7 7172 28-07-41 (іб.114)
"Астана қаласының Мемлекеттік архиві" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

Ұлы Жеңіске – 80 жыл: Тарихпен тілдескен дөңгелек үстел

Previous Next
🇰🇿 Ұлы Жеңіске – 80 жыл: Тарихпен тілдескен дөңгелек үстел
2025 жылы ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай маңызды тарихи іс-шара — «ЖЕҢІСКЕ ҚОСҚАН ҮЛЕС: ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ» атты дөңгелек үстел өткізді.
🔹 Бұл жиын — өткеннің өнегесін бүгінге жеткізуді, ұрпақ санасына соғыс жылдарындағы халықтың қажырлы еңбегін, қазақ жауынгерлерінің жанқияр ерлігін естен шығармауды мақсат етті.
Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы орны, елімізден майданға аттанған жауынгерлердің тағдыры, тылдағы еңбек, эвакуацияланған халықтың өмірі, соғыс кезіндегі идеология және тарихи жадыны сақтау жайлы өзара пікір алмасты.
🎙️Іс-шара аясында Астана қаласының Мемлекеттік архивінің директоры Жангелді Бимолдин «Ақмола Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты баяндамасын ұсынды. Онда Ақмоланың соғыс жылдарындағы рөлі, әскери комиссариаттың жұмысы, тылдағы еңбек, эвакуацияланған зауыттар мен тұрғындар жайлы тың архивтік деректер ұсынылды.⠀
📘 Баяндамамен қатар архивтің жаңа еңбегі — «Ақмола Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында» атты фото-құжаттық жинақ таныстырылды.
🌐 Сондай-ақ, архивтің заманауи жобасы — «Естелікке айналған есімдер» онлайн платформасы туралы ақпарат берілді. Бұл платформа — мыңдаған қазақстандық жауынгердің есімін жаңғыртып, әр отбасының өткенін тануға мүмкіндік береді.
Записаться на прием