Бүгін – Халықаралық қарттар күні. Бұл дата ресми түрде 1990 жылы БҰҰ Бас ассамблеясында бекітіліп, 1991 жылдың 1-қазанынан бастап әлемдік деңгейде үлкен қошаметпен аталып өтеді.
Қарттардың өмірі мен еңбегін құрметтеу, олардың мұң-мұқтажсыз, жеткілікті жағдайда өмір сүруін қамтамасыз ету, денсаулығы мен тұрмыстық деңгейін жақсарту мақсатын көздеп дүниеге келген бұл құжатты бүкіл әлем жұртшылығы ізгілік пен мейірімнің, қамқорлық пен қайырымдылықтың белгісіндей ризашылықпен қабылдады.
Қазақ халқы да ежелден: «Қарты бар үйдің қазынасы бар», – деп есептеген. Ақпарат құралдары таратқан дерекке сүйенсек, бүгінде елімізде жасы алпыстан асқан 3 миллионға жуық жан бар екен.
Жасы 100-ден асқан 423 қария тіркеліпті.
Адамзат баласының ортақ құндылығы ретінде әспеттеліп жатқан айшықты мерекені пайдаланып, біз де ардагерлеріміз бен қарттарымызға шуақты ғұмыр, қуатты денсаулық, көркем де көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!
Құрметпен, Астана қаласы мемлекеттік архивінің ұжымы.
Жаңалықтар
ҚҰРЫШТАН ҚҰЙҒАН ҚҰДІРЕТ...
Қаралды: 86
