Кеңсе+7 7172 28-07-41 (іб.126) , Қабылдау бөлімі+7 7172 28-07-41 (іб.114)
"Астана қаласының Мемлекеттік архиві" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

”ЖАУЫНГЕРЛЕР ЖАЛАУЫ”

Previous Next
📌 “ЖАУЫНГЕРЛЕР ЖАЛАУЫ”
📜Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің архив құжаттары. БОРАНБАЕВ Мнайдар 1926 жылы 10 мамырда Қостанай облысының Амангелді ауданында дүниеге келген. 1943 жылы Амангелді орта мектебін бітірді. 1944 жылдың қазан айында Кеңес Әскері қатарына шақырылып, Орал әскери округінде қызмет етті. 1944 жылдан бастап 1945 жылға дейін Ұлы Отан соғысына 6-шы гвардиялық армия, 47-ші Қызыл Ту полкі, 15-ші Сиваш-Штетинск дивизиясы құрамында соғысқа қатысты.
1950 жылы 10 қарашада КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысы негізінде босатылды. Демобилизациядан кейін Амангелді аудандық ДОСАФ комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.
«II дәрежелі Отан соғысы», «Құрмет Белгісі» ордендерімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Еңбек озаты» және т.б. медальдармен марапатталған.
М. Боранбаевтың 1945-2009 жылдардағы құжаттары 2009 жылдың қыркүйегінде БАҚ-та Астана қаласының Мемлекеттік архивіне Ұлы Отан соғысының ардагерлерінен құжаттарды Мемлекеттік архивке тұрақты сақтауға тапсыруды жарияланғаннан кейін қабылданды
Олардың ішінде Кеңес Одағының Маршалы Г. К. Жуков медалі (Қ. 61. Т. 28. Іс. 3. Б.3), 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл меретойлық медалі (Қ. 61. Т. 28. Іс. 8. Б.1), Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығына арналған құттықтауының көшірмесі. (Қ. 61. Т. 28. Іс.8. Б.1), соғыс жылдарының фотосуреттері (Қ.61. Т. 28. Іс.5. Б. 1), М. Боранбаев туралы мақалалармен газеттерден үзінділер (Қ. 61. Т. 28. Іс. 7), М. Боранбаевтың жорық фляшкасы (Қ. 61. Т. 28. Іс. 9).
Записаться на прием